389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияның астанасынан 90 мың тұрғын босып кеткен

  • 287
  • UPD: 00:02, 03.06.2019
Ливияның астанасынан 90 мың тұрғын босып кеткен

Генерал Халифа Хафтар әскері Триполи қаласын шабуылдаған кезден бері шаһарды 90 мыңнан астам тұрғын тастап кеткен.

БҰҰ Бас хатшысының өкілі Фархан Хак осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы 1 аптада қаладан қашып шыққан адамдардың саны 8 мыңға жеткен. Олардың жартысы балалар. Гуманитарлық ұйымдар босқындарға азық-түлік және өзге заттармен көмектесуде. Қазірге дейін 47 мыңға жуық адамға қолдау көрсетілген.

Айта кетейік, сәуірдің бас кезінде генерал Хафтар Триполи қаласындағы Фаиз Сарадж үкіметіне қарсы жорықты бастаған. Шаһар үшін шайқас әлі жүріп жатыр. Ресми дерек бойынша осы уақытқа дейін қақтығыстан 450 адам қаза тауып, 2 мыңнан астамы жарақат алған.

Хабар 24 телеарнасы