389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кениялық фермерлер жібек өсіруге көшті

  • 296
Кениялық фермерлер жібек өсіруге көшті

Кенияда фермерлер кофе, жүгері, қант қызылшасы сынды дәстүрлі дәнді-дақылдардың орынына жібекті өсіруге көшіп жатыр.

Оған болжауы қиын құбылмалы ауа райы себеп. Өйткені жібек құрты қоректенетін тұт ағашы ыстыққа да, суыққа да төзімді. Құрғақшылыққа да шыдамды. Кенияның көп өңірінде өсіруге ыңғайлы. Ал жібек тоқыма өнеркәсібімен бірге сабын, көздің линзасы, әсемдік бұйымдар, тіс пастасын жасауда қолданылады. Қазір кениялық шаруалардың өнімін жапондық компаниялар сатып алуға ниет білдірген. Жалпы, Күншығыс елі жібек өнімінің 70 пайызын Қытайдан импорттайды.

Муо Касина, Кения жібек шаруашылығы ұлттық орталығының директоры:

- Біздің елде жібек шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол. Оны өндіруші елдерде қазір, керісінше, өнім көлемі қысқарып жатыр. Мысалы, Қытайда құлдырау байқалады. Жапонияда да жібекті өндіру көрсеткіші азаюда. Сондықтан бұл кәсіппен айналысудың келешегі зор деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы