389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда жойқын жарылыстан 14 адам мерт болды

  • 281
Сирияда жойқын жарылыстан 14 адам мерт болды

Сирияның солтүстігіндегі Аазаз қаласында жарылғыш зат орнатылған автокөліктің күлі көкке ұшты.

Оқиғадан 14 адам мерт болып, 30-ға жуығы жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың саны әлі де өсуі мүмкін. Лаңкестік әрекет үшін адам көп шоғырланатын жер таңдалған. Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жойқын жарылыс шаһар орталығындағы полиция учаскесі мен сауда орталығының маңында орын алды. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы