389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ГСДП басшысы отставкаға кетті

  • 324
ГСДП басшысы отставкаға кетті

Ангела Меркель Германияның социал-демократиялық партиясы төрайымы және Бундестагтағы фракция басшысы Андреа Налестің қызметінен кетуіне қарамастан Германияның басқарушы коалициясы өз жұмысын одан әрі жалғастыратынына сенім білдірді.

Оның айтуынша, әлемде болып жатқан жағдайларға байланысты одақты сақтап қалу өте маңызды. Өз кезегінде бұл оқиғадан кейін ел оппозициясы үкіметтің таратылуын талап етіп отыр.

Айта кетсек, Налестің отставкаға кететіні жуырда ғана белгілі болды. Оның өз орнын босатуына Еуропарламент сайлауындағы сәтсіздік себеп болған. Онда социал-демократтар өз тарихындағы ең төмен көрсеткішке қол жеткізген еді.

Хабар 24 телеарнасы