389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыс Африкада Эбола 1300 адамның өмірін қиды

  • 379
Батыс Африкада Эбола 1300 адамның өмірін қиды

Конго Демократиялық Республикасында Эбола дерті дендеп барады.

Ол таралу ауқымы жағынан 2013-2015 жылдары Батыс Африкада етек жайған эпидемиядан кейін екінші тұр. Аса қауіпті бұл індет бір жылда 1 мың 300-ге жуық адамның өмірін қиған. Тағы 2 мыңдай тұрғын осы ауру түрін жұқтырыпты. Оның төрттен бір бөлігін 15 жасқа дейінгі балалар құрап отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қатерлі ауруға шалдыққан әрбір 3 баланың екеуі одан көз жұмады екен. Ал ересектер арасындағы өлім көрсеткіші тіпті жоғары. Ол 50 пайыздан асады.

Айта кетейік, Эбола дерті Батыс Африкада 2015 жылы басталып, негізінен Гвиней, Сьерра-Леон және Либерия елдерін қамтыған еді. Ал Конго Демократиялық Республикасында бұл індет өткен жылдың тамызында белең алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы