383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде тракторлар жарысы өтті

  • 119
  • UPD: 14:02, 03.06.2019
Ресейде тракторлар жарысы өтті

Дондағы Ростовта «Бизон-Трек-Шоу» атты тракторлар жарысы өтті.

Қашықтығы 10 шақырымдық сайыс жолына 33 трактор шыққан. Ростов облысы, Ставрополь аймағы және Қырымнан келген жүргізушілер су бөгеттері мен қолдан жасалған кедергілерді еңсеріп, көліктерінің қуаттылығын сынады. 30 градустық ыстыққа қарамастан, жарыс қатысушыларын қолдауға 40 мыңнан аса көрермен жиналды.

Айта кетсек, тракторлар раллиі биыл осымен 17-рет ұйымдастырылып отыр. Оның мақсаты – ел арасында аталған кәсіп түрін дәріптеп, жастарды ауылшаруашылық саласына тарту.

Хабар 24 телеарнасы