379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Boeing ұшақтарынан қайтадан ақау табылды

  • 274
Boeing ұшақтарынан қайтадан ақау табылды Ведомости

Boeing компаниясы өз әуе кемелеріндегі ұшақ бөлшектерінен ақау тапты.

Бұл туралы АҚШ-тың федералды авиация басқармасы сайтында жарияланды. Жарамсыз бөлшектер әлем бойынша Boeing 737 NG мен Boeing 737 MAX модельді 312 ұшақтан табылды. Жалпы қазір жарамсыз бөлшектің 148-і анықталған. Сондай-ақ ақаулы бөлшегі бар ұшақтардың сериялық нөмірі де белгілі. Сайттағы мәліметке сай, аталған бөлшектер стандартқа сай келмейтіндіктен, жылдам тозып, ұшақтарға зақым келтіруі мүмкін. Сондықтан Boeing компаниясы он күн ішінде оларды алмастыруы қажет.

Хабар 24 телеарнасы