378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда ереуілге шыққандарды тарату кезінде 8 адам қаза тапты

  • 157
  • UPD: 08:42, 04.06.2019
Суданда ереуілге шыққандарды тарату кезінде 8 адам қаза тапты

Судан астанасы Хартумда ереуілге шыққандарды тарқату кезінде 8 адам ажал құшты.

Скай Ньюс Арабия агенттігінің мәліметінше, тағы 60 адам жарақат алған. Атап айтқанда, бүгін таңертең Суданның қауіпсіздік қызметі қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында жиналғандарды күштеп таратуға тырысқан. Оқиға орнында оқ атылып, ереуілшілер жапатармағай қашқан. Наразылық акциясына қатысушылар билік тізгінін азаматтардың қолына тапсыруды талап еткен. 

Еске салсақ, сәуір айында Судан әскері елді 30 жыл бойы басқарған Президент Омар Аль-Баширді биліктен кетірді. Сол сәттен, яғни былтырдан бастап, әскери кеңес отын мен азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты белең алған наразылықты басу үшін төтенше жағдай жариялады.

Хабар 24 телеарнасы