384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та торнадодан 16 адам қаза тапқан

  • 334
  • UPD: 12:47, 04.06.2019

АҚШ-тың Миссури штаты су тасқынынан зардап шекті.

Аймақтағы тас жолдар мен әуежай, сонымен қатар Канзас-Сити маңындағы ипподром топан су астында қалды. Толассы жауған жауын салдарынан өзендер арнасынан тасып жатыр. Салдарынан Миссури мен Арканзас штаттарының егіс алқаптары жарамсыз болып қалды. Айта кетейік, соңғы кездері табиғаттың тосын мінезі АҚШ-тың бірқатар өңірін шыр айналдырды. Нөсер жауын мен торнадодан 16 адамды ажал құшты.

Хабар 24 телеарнасы