379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кабулда жойқын жарылыстан 5 адам қаза тапты

  • 143
  • UPD: 15:21, 04.06.2019
Кабулда жойқын жарылыстан 5 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулда ұйымдастырылған жойқын жарылыстан жолаушылар автобусының күлі көкке ұшты.

Оқиғадан 5 адам көз жұмды, 10-ы жарақат алды. Дәрігерлер олардың саны әлі де өсуі мүмкін деп отыр. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жолаушылар көлігінде мемлекеттік қызметкерлер отырған. Алайда олардың қанша адам болғаны белгісіз. Әзірше лаңкестік әрекетке қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Айта кетейік, соңғы 2 күн ішінде шаһарда 4 мәрте жарылыс ұйымдастырылды.

Хабар 24 телеарнасы