412,55 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада су тасқынынан 2 адам қаза тапты

  • 612
  • UPD: 15:30, 04.06.2019
Мексикада су тасқынынан 2 адам қаза тапты

Мексиканың Халиско штатында бірнеше күн жауған жауын тасқынға ұласты.

Табиғат апатынан 2 адам мерт болып, 5 тұрғын жарақат алды. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақтағы өзен арнасынан тасып, лай көшкіні басталған. Салдарынан ондаған ғимарат пен тұрғын үйлерге, сондай-ақ көшедегі көліктерге  айтарлықтай зақым келді. Құтқарушылар баспанасыз қалғандарды уақытша Гвадалахара қаласындағы мектепке орналастырды.

Хабар 24 телеарнасы