389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливанда 4 адам содырдың қолынан қаза тапты

  • 191
Ливанда 4 адам содырдың қолынан қаза тапты Lenta.ru

Ливаннның Триполи қаласында мемлекеттік мекеменің алдында шабуыл жасалды.

Оқыс оқиғада екі тәртіп сақшысы мен екі әскери адам ажал құшты. Мәлім болғандай, шабуылды жалғыз адам ұйымдастырған. Ол алдымен жарылғыш бомба лақтырып, кейін қауіпсіздік қызметкерлеріне оқ жаудырған. Жедел әрекет еткен әскерилер содырдың тығылып жатқан жерін тауып алғанымен, қылмысқер өзін-өзі жарып жіберген. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, жанкешті «Левант және Ирак лаңкестік ұйымына» қатысы бар деген айыппен бұған дейін түрмеде отырған. Осыдан бір ай бұрын босатылған көрінеді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы