379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Deutsche Bank 20 тонна алтынды тәркіледі

  • 140
Deutsche Bank 20 тонна алтынды тәркіледі

Deutsche Bank Венесуэланың 20 тонна алтынын тәркіледі.

Осыдан 3 жыл бұрын Каракас Германияның ең ірі қаржы мекемесінен 750 миллион доллар көлемінде кредит алған болатын. Алайда кейін оның пайыздық үстемесін төлеуді доғарған. Нәтижесінде банк келісімді уақытынан бұрын тоқтатып, кепіл ретінде қалдырылған алтынды тәркіледі. Өз кезегінде оңтүстікамерикалық елдің ұлттық банкі әзірге осы оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады. Айта кетелік, Венесуэла өз тарихында ең ауыр экономикалық кезеңді бастан кешіріп жатыр. Оған мұнай бағасының төмендеуі мен санкциялар себеп болып тұр.

Хабар 24 телеарнасы