378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


HBO түсірген атақты сериалдан соң Чернобыльге туристер легі артқан

  • 143
HBO түсірген атақты сериалдан соң Чернобыльге туристер легі артқан

Атақты HBO телеканалы түсірген «Чернобыль» сериалынан кейін атом электр станциясын көруге ниеттілер саны еселеп артқан.

Мамыр айында тарихи драма эфирге шығысымен адамдар экскурсияларды жаппай брондай бастапты. Құны жүз долларды құрайтын саяхат кезінде туристерге жарылған реактор үстіне құйылған саркофаг пен иен қалған Припять қалашығы көрсетіледі. Естеріңізге сала кетейік, адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат 1986 жылы 26 сәуірде орын алған болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы апаттан 9 мыңдай адам қаза тапты деп хабарлаған болатын. Ал Greenpeace 200 мың адам құрбан болды деп мәлімдеген еді. Апат салдарынан Украинаның елеулі аумағы мен Ресейдің Брянск және Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адам өміріне қауіпті деп танылды.

Хабар 24 телеарнасы