387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшалық альпинист 170 метрлік ғимаратқа құрал-жабдықсыз өрмелеп шықты

  • 357
Польшалық альпинист 170 метрлік ғимаратқа құрал-жабдықсыз өрмелеп шықты

Варшавада кәсіби альпинист биіктігі 170 метр болатын ғимаратқа ешқандай арнайы құрал-жабдықсыз өрмелеп шықты.

Алайда оның қуанышы ұзаққа созылмады. Жергілікті тәртіп сақшылары оны қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамауға алған. Әзірге Варшава полициясы аталған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. БАҚ өкілдерінің айтуынша, альпинистің есімі – Марчин Банот. Сондай-ақ ол «Силезиялық спайдермен» лақап атымен де танымал екен.

Хабар 24 телеарнасы