389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та шағын ұшақ екі қабатты үйдің шатырына кіріп кетті

  • 374
  • UPD: 17:12, 05.06.2019
АҚШ-та шағын ұшақ екі қабатты үйдің шатырына кіріп кетті

АҚШ-тың Коннектикут штатында моторсыз ұшатын жеңіл аппарат тұрғын үйдің шатырына құлады.

Абырой болғанда апаттан адам шығыны жоқ. Планер құлаған кезде үйде адам болмаған. Ал ұшқыштың өзі жеңіл жарақат алған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Данбери әуежайынан шыққан шағын әуе көлігінің не себептен апатқа ұшырағаны белгісіз. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.

Хабар 24 телеарнасы