383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада есірткі жасайтын зертханалар табылды

  • 96
Мексикада есірткі жасайтын зертханалар табылды Известия

Мексиканың батысындағы Синалоа штатында 17 тонна метамфитамин өндіретін 3 есірткі зертханасы табылды.

Жүргізілген арнайы операция барысында есірткі заттары мен оны өндіруге қажетті жабдықтар тәркіленді. Дегенмен зертхана қызметкерлерін ұстау мүмкін болмаған. Олар полиция келіп жеткенше жасырынып үлгерген.

Айта кетсек, Синалоа – есірткі өндіру және оны тарату бойынша Мексикадағы ең танымал штаттың бірі.

Хабар 24 телеарнасы