384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еурокомиссия Римге айыппұл салуы мүмкін

  • 102
  • UPD: 07:25, 06.06.2019
Еурокомиссия Римге айыппұл салуы мүмкін Reuters

Еурокомиссия Италияға 3 миллиард еуродан астам айыппұл салуы мүмкін.

Өйткені Рим Еуроодақтың бюджеттік шығынға қатысты тәртібін бұзған. Салдарынан елдің сыртқы қарызы артқан. Қазір оның көлемі 131 пайызға жеткен. Ал заң бойынша мемлекет берешегі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызынан аспауы тиіс. Енді Еуроодақ елдері алдағы 2 аптада осы мәселеге қатысты ортақ шешім шығару керек.

Айта кетейік, бұған дейін Еурокомиссия Италия үкіметінің осы жылғы бюджетін әзер бекіткен еді. Себебі, Рим әлеуметтік салаға шығынды көбейткен.

Хабар 24 телеарнасы