389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Украинаға қаржылай көмек көрсетуге дайын

  • 249
Еуроодақ Украинаға қаржылай көмек көрсетуге дайын

Бұл туралы Еурокеңес басшысы Дональд Туск Украина президентімен кездесу барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Еуроодақ Украинаға демократияны нығайтып, экономиканы тұрақтандыруы үшін әрдайым қол ұшын созуға әзір. Бұдан бөлек Еурокеңес басшысы Украина лидерімен алдағы Еуроодақ-Украина саммитін талқылады. Ол 8 шілдеде Киев қаласында өтуі тиіс.

Айта кетейік, Зеленский Еуроодақ пен НАТО өкілдерімен келіссөздер жүргізу үшін Брюссельге ресми сапармен барған болатын. Бұл – оның Украина басшысы ретіндегі алғашқы сапары. Аталған сапар барысында Зеленский Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен және НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен де кездесті.

Хабар 24 телеарнасы