387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта әскери төңкеріс лидері үкімет басшысы болып қайта сайланды

  • 310
  • UPD: 15:28, 06.06.2019
Таиландта әскери төңкеріс лидері үкімет басшысы болып қайта сайланды Thaigovno

Әскери төңкеріс жасап, билікке келген Прают Чан Оча Таиланд премьер-министрі қызметіне қайта сайланды.

Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлап отыр. Парламенттегі сайлауда Чан Очаны қолдап 500 депутат дауыс берген. Ал оның қарсыласы – антимилитарлық партия өкілі 244 дауыс жинаған. Агенттіктің мәліметіне сай, қазіргі үкімет басшысының жеңіске жететіні күмәнсіз болған. Себебі, Таиландта премьер-министрді 500 адамнан тұратын өкілдер палатасы мен сенаттың 250 мүшесі сайлайды. Ал оның басым бөлігін Чан Очаның жақтастары.

Айта кетейік, Прают Чан-Оча ел үкіметін 2014 жылы 22 мамырда болған әскери төңкерістен кейін басқарып келеді. Ол кезде Таиланд армиясы үкіметті басып алып, Сенатты таратып жіберген болатын.

Хабар 24 телеарнасы