382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузияда туристер мінген тікұшақ құлап, 3 адам қаза тапты

  • 352
  • UPD: 16:18, 06.06.2019
Грузияда туристер мінген тікұшақ құлап, 3 адам қаза тапты

Грузия тауларында Bell 505 жеке тікұшағы құлап, үш адам қаза тапты.

Оқыс оқиға 6 маусым күндізгі сағат 13:00-де Казбек ауданындағы Степанцминда ауылының маңында болды.

Апат кезінде бортта болған екі жолаушы мен ұшқыш қаза тапты. Туристер қай елден келгендігі және қайғылы оқиғаның себебі әлі белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы