389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нормандиядағы одақтастар операциясына 75 жыл толды

  • 307
  • UPD: 08:44, 07.06.2019
Нормандиядағы одақтастар операциясына 75 жыл толды

Францияда одақтас елдердің 1944 жылы неміс басқыншыларына қарсы Нормандиядағы операциясына 75 жыл толуы аталып өтті.

Алғаш болып салтанатты шараға Эмманюэль Макрон мен Премьер-министр Тереза Мэй жетті. Қос елдің басшылары осы шайқаста қаза тапқан ағылшын жауынгерлеріне арналған ескерткіштің алғашқы тасын қалады. Тағы бір мерейтойлық шара президент Трамптың қатысуымен Кольвиль-сюр-Мерде өтеді.

Айта кетейік, 1944 жылы 6 маусымда одақтас елдер неміс әскеріне қарсы ең ірі теңіз операциясын бастады. Нормандия жағалауына 156 мың сарбаз түсірілді. Оларға 195 мың теңізші қолдау көрсетіп, 11 жарым мыңнан астам ұшақ пен 7 мыңға жуық кеме жұмылдырылған еді.

Эмманюэль Макрон, Франция президенті:

- 75 жыл бұрын 25 мыңға жуық ағылшын жауынгері Францияны азат ету үшін неміс басқыншыларына қарсы ірі операцияға қатысты. Олардың бәрі таңсәріде қарша бораған оқ пен үлкен кедергілерге қарамастан алға ұмтылды. Біз бостандығымыз үшін күрескен жауынгерлерді ешқашан ұмытпаймыз.

Хабар 24 телеарнасы