378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дунайдағы апаттан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті

  • 140
  • UPD: 12:49, 07.06.2019
Дунайдағы апаттан қаза тапқандар саны 19 адамға жетті

Дунай өзеніндегі кеме апатынан мерт болғандардың саны 19-ға жетті.

Мамандардың айтуынша, судан шығарылғандардың кім екенін бірден тану мүмкін емес. Сот-медициналық сараптаушылар арнай тексеріс жүргізіп жатыр. Жоғалған 8 турист пен 1 экипаж мүшесі әлі табылған жоқ. Су астына кеткен кеме де әлі сыртқа шығарылмады. Құтқару-іздестіру операциясы жалғасып жатыр.

Естеріңізге салайық, апатқа ұшыраған кемеде 35 адам болды. Олардың екеуі экипаж мүшесі болса, қалғандары Оңтүстік кореялық саяхатшылар.

Хабар 24 телеарнасы