389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда науқастарды қасақана өлтіріп келген медқызметкер сотталды

  • 265
  • UPD: 14:06, 07.06.2019
Германияда науқастарды қасақана өлтіріп келген медқызметкер сотталды

Германия соты ондаған науқасты өлтірген мейіргерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Нильс Хёгль өз пациенттеріне адам өміріне аса қауіпті дәрі-дәрмектерді егіп отырған. Қазіргі таңда ол қызмет еткен барлық ауруханаларға қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Хёгль жантүршігерлік қылмыстарды 1999 бен 2005 жылдар аралығында жасаған. Бірақ кезекті құрбанына емдеуші дәрігердің нұсқауынсыз екпе жасамақ болған кезде қолға түскен. Сөйтіп, мейіргер «қасақана кісі өлтірмек болды» деген айыппен 7  жылға сотталды. Алайда қаза тапқандардың туыстары құқық қорғаушылардан істің қайта қаралуын талап еткен. Нәтижесінде сот 85 оқиға дәлелденді деп шешім шығарды. Өз кезегінде Хёгльдің өзі психиатр сұрақтарына жауап беру барысында 30-ға жуық адамды өлтірген болуы мүмкін екенін айтқан.

Хабар 24 телеарнасы