379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Amazon почта тасымалдаушы дронды жұрт назарына ұсынды

  • 307
  • UPD: 15:09, 07.06.2019
Amazon почта тасымалдаушы дронды жұрт назарына ұсынды

Amazon көпшілік назарына почтаны әуе арқылы жеткізетін дрон үлгісін ұсынды.

Компанияның атқарушы директоры Джеф Уилк,  Лас-Вегаста өткен жиында Прайм Эйр қызметімен таныстырды. Атап айтқанда, электр дрондары 24 шақырымды еңсере отырып, салмағы екі келіге жететін пошта қорабын үй табалдырығына дейін жеткізетін болады. Алайда Амазонның ресми өкілі бұл қызметтің қашан іске қосылатыны жайлы айтпады. Небір тауар түрлерін жеткізумен айналысатын корпорация поштаны әуе арқылы жеткізу идеясын 2013 жылы ұсынған болатын. Алайда жоба әлі жемісін берген жоқ. Сондықтан «әуе дрондары таяу уақытта  пошта қызметкерлерін алмастыруы екіталай»  дейді сарапшылар. 

Джефри Дастин,  Reuters сарапшысы:

- Ең алдымен дрондар жолындағы кедергілерді көре алатындай жағдай жасау техникалық тұрғыдан өте қиын. Идея керемет болып көрінгенімен, оның іске асуына ешкім кепілдік бере алмайды. Оған қоса, қағазбасты шаруасы көп болмақ. Өйткені әр елдің билігін қызметтің қауіпсіз екендігіне сендіру қиынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы