387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияның Линчёпинг қаласында жойқын жарылыс болды

  • 450
  • UPD: 15:15, 07.06.2019
Швецияның Линчёпинг қаласында жойқын жарылыс болды

Швецияда Стокгольмнан 174 шақырым жерде орналасқан Линчёпинг қаласының орталығында жойқын жарылыс болды.

Оқиға салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ТТ агенттігі.

Линчёпинг қаласындағы Хамнгатан көшесінде жойқын жарылыс болды. Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жанындағы үйлердің терезелері сынған. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция жұмыс істеуде.

Оқиға орнына 14 жедел жәрдем көлігі жіберілген. Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы