389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытай мен Ресей сауда байланыстарын нығайтпақ

  • 478
  • UPD: 23:23, 07.06.2019

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин екі ел арасындағы қарым-қатынастар бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Петербордағы халықаралық экономикалық форумда сөз сөйлеген ол «Бір белдеу, бір жол» жобасы және Еуразиялық экономикалық одақтың жобаларын тоғыстыру аймақтық экономикалық интеграцияға күшті серпін беретінін атап кетті. Форумның басты шарасына БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ресей президенті Владимир Путин, Болгария президенті  Румен Радев, Армения мен Словакия премьер-министрлері Никол Пашинян мен Петер Пеллегрини қатысқан. Владимир Путин өз сөзінде протекционизм саясаты және әлемде белең алған сауда соғыстарын сынға алды.

Владимир Путин, РФ президенті:

- Жаһандық экономиканың бірқатар саласын сауда тартыстары мен санкциялардан қорғап қалуды ұсынамыз. Дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына арналған жүйелер секілді тұрмысқа ең қажетті және қоршаған ортаны қорғайтын тауарлар туралы сөз қозғап отырмыз. Бұл әлем бойынша миллиондаған, тіпті миллиардтаған адамның өміріне және денсаулығы үшін маңызды.

Си Цзиньпин, ҚХР төрағасы:

- «Бір белдеу, бір жол» жобасы үлкен еуразиялық ынтымақтастық идеясымен үндеседі. Олар бір-бірін толықтыруы мүмкін. Менің пікірімше, бұл бүкіләлемдік тұрақты даму мақсатына сай аймақтық экономикалық интеграцияға мықты серпін береді.

Хабар 24 телеарнасы