384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ашық мұхитта қалып қойған бала құтқарылды

  • 133
  • UPD: 10:51, 08.06.2019
Ашық мұхитта қалып қойған бала құтқарылды

Солтүстік Каролинада мұхитта қалып қойған 8 жасар бала құтқарылды.

Ол үрленген шармен ашық мұхитқа жүзіп шыққан. Нәтижесінде жел екпіні оны жағалаудан 800 метр қашықтыққа алып кеткен. Осылайша огайолық бала жағаға орала алмай қалған. Абырой болғанда, көмекке келген ерікті құтқарушылар тобы баланы аман алып қалды. Олардың айтуынша, шар жеңіл болғандықтан, ол тым тез жүзіп отырған. Сондықтан, баланың жағаға өз бетімен оралуына ешбір мүмкіндігі болмапты.

Хабар 24 телеарнасы