383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Мексикамен келісімге келді

  • 226
АҚШ Мексикамен келісімге келді

АҚШ Мексикамен сауда және мигранттар туралы келісімге келіп, көрші елге баж салығын салмайтын болды.

Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді. Себебі Мексика заңсыз босқындармен күресу үшін нақты шаралар қабылдауға келіскен. Екі мемлекеттің бірлескен мәлімдемесіне қарағанда Мексика өзінің оңтүстік шекарасын күзетуді күшейтеді, бұл үшін ұлттық гвардия жасақтары тартылады. АҚШ аумағына заңсыз өткен босқындар Мексикаға кері қайтарылады. Тараптар сондай-ақ алдағы 3 айда өзге де шараларды талқылауға уағдаласты. Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні Трамп Мексиканың заңсыз мигранттармен күреспей отырғандығын айтып, бұл елден келетін тауарларға 5 пайыздық баж салығын салатынын мәлімдеген. Ол келесі дүйсенбіден бастап күшіне енуі керек болған.

Хабар 24 телеарнасы