378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда тұрғын үйде жарылыс болды

  • 153
Швецияда тұрғын үйде жарылыс болды

Швецияның Линчёпинг қаласындағы көп қабатты тұрғын үйде жарылыс болып, 25 адам жарақат алды.

Оның күштілігі соншалық, бірнеше ғимарат бүлініп, жақын маңдағы үйлердің терезелері тас-талқан болды. Жалпы апаттан 250 пәтер зақымданған. Жарылыстың неден болғаны әлі белгісіз. Полиция бастапқыда үйде газ атылған деп болжады. Бірақ ғимараттың газ жүйесіне қосылмағандығы анықталып, тергеушілер бомба жарылды деп топшылауда. Десе де оның лаңкестікке қатысы жоқ деген пікірде. Мәліметке қарағанда, бомба ғимараттың ішінде емес сыртында жарылған.

Бьорн Оберг, полиция өкілі:

– Біз жарылыстың неден болғанын білмейміз. Қазір оқиға орынында мамандар жұмыс істеп жатыр. Солардың көмегімен оқиғаның себебін анықтаймыз.

Хабар 24 телеарнасы