383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп пен Макрон бірге еккен ағаштың ғұмыры қысқа болды

  • 190
Трамп пен Макрон бірге еккен ағаштың ғұмыры қысқа болды

АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Францияның басшысы Эммануэль Макрон отырғызған емен ағашының ғұмыры ұзаққа бармады.

Бұл желек АҚШ-қа кіру кезінде өсімдіктерге қойылатын карантин мерзімін көтере алмаған.

Заңға сәйкес, шетелден АҚШ-қа әкелінетін тұқым мен топырақ әуелі карантинге төзіп шығуы тиіс, тек сонда ғана ол американ жерінде тамыр жая алады.

Еске салсақ, 2018 жылғы сәуірде Трамп пен Макрон Ақ үйдің маңына емен ағашын бірлесіп еккен еді. Ағашты Макрон жұбайы екеуі Франциядан алып келген.

La Provence

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы