382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда су тасқынынан 900 мың адам зардап шекті

  • 119
Қытайда су тасқынынан 900 мың адам зардап шекті Gismeteo

Қытайдың бірнеше ауданы топан су астында қалды.

Табиғаттың тосын мінезінен 6 адам ажал құшты. Су тасқыны 900 мыңға жуық адамды әбігерге салды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, елдің 45 округы зардап шекті, 3 500-ге жуық гектар жер телімі жарамсыз күйге айналды. Жергілікті билік бұл аймақтарға гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Құтқарушылар қауіпті жерлерден халықты эвакуациялауға кірісті. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Айтуларынша, жақын арада нөсер жауын елдің оңтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында да басталу қаупі бар.

Хабар 24 телеарнасы