384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Франция тұрғындары биікке тартылған арқанмен жүріп жарысты

  • 292
Франция тұрғындары биікке тартылған арқанмен жүріп жарысты

Францияның Сен-Жанне коммунасында қызықты жарыс өтті.

20-ға жуық сайыскер 300 метрдей биіктікте тартылған арқанмен жүріп сайысты. Шарт бойынша олар екі жартастың арасына бостау етіп тартылған арқанмен ақырын емес шапшаңдатып жүріп өтуі тиіс. 800 метрге созылған арқанды Маттис Райснер есімді студент 19 минут 20 секундта еңсерді. Айта кетейік, «слэклайн» деп аталатын жарыстың бұл түрі тез таралып келеді. Бірақ қызықты сайыстың әлі нақты тәртібі жоқ. Ол жетілдірілу үстінде. 

Хабар 24 телеарнасы