382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда жол апатынан 10 адам мерт болды

  • 90
Бразилияда жол апатынан 10 адам мерт болды segodnya.ua

Бразилияның Сан-Паулу штатында жол апаты орын алды.

Туристер мінген автобустың жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, 5 жеңіл көлік пен мотоциклге соғылған. Оқиғадан 10 адам ажал құшты. 50-ге жуық жолаушы жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Автобуста отырған 30 саяхатшы Кубатан қаласына қарай жолға шыққан болатын. Тәртіп сақшылары апаттың егжей тегжейін анықтауға кірісті.

Хабар 24 телеарнасы