382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ жарылды

  • 66
Италияда тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ жарылды

Италияның Рокка-ди-Папа қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ жарылды.

Оқиғадан 9 адам зардап шекті. Жарақат алғандардың арасында қала мэрі де бар. Олардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Болжам бойынша, жөндеу жұмыстары кезінде жұмысшылар газдың құбырын тесіп алған. Жойқын жарылыстан жақын маңда орналасқан 3 қабатты ғимараттың тас талқаны шықты. Құтқарушылар тұрғындардың барлығын эвакуациялады.

Хабар 24 телеарнасы