384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді

  • 78
Израильде медициналық сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді

Израильде медициналық сақтандыру әрбір азаматта бар.

Және бұл заң жобасының орындалуын мемлекет мұқият қадағалап отыр. Соған қарамастан, елде сақтандыру жобасына қатысты туындаған мәселелер өте көп.

Израильде міндетті медициналық сақтандыру заңы бар. Ол құжатқа сай елдің әрбір азаматында медициналық сақтандыру болуы тиіс. Жүйе салған жарнаңа байланысты түрлі деңгейде болады. Дегенмен ең аз қаржы салған пакеттің өзінде дәрігерге қаралу, аурухана жату және операция жасату деген қызметтер бар.

Ран Саар, медициналық сақтандыру компаниясының директоры:

– Осыдан отыз жыл бұрын міндетті медициналық сақтандыру заңы қабылданбай тұрып, аураханада ем алу мүмкін болмас дүние еді. Себебі адамдар жай ғана қабылдауға кіру үшін өз кезектерін айлап күтетін. Ал кезексіз кірудің құны қымбатқа шығатын. Сондықтан жаңа заңның басты мақсаты – медицинаның қолжетімді болуы. Әрбір тұрғын үшін бірдей жағдай жасалуы.

Десе де, азаматтар үшін теңдей жағдай жасалынбады. Елдің орталық өңірлерінде кез келген дәрігерге қарала алсаңыз, шалғай жерлерде көптеген мамандар тапшы. Жалпы Израильде төрт ауқымды мемлекеттік сақтандыру компаниясы бар. Оның кез келгенін таңдауға және қалаған уақытыңызда ауыстыруға болады. Компаниялардың өздеріне тиесілі емханалары және ауруханалармен жасасқан келісімдері бар.

Ран Саар, медициналық сақтандыру компаниясының директоры:

– Әр науқасты отбасылық дәрігері қабылдайды. Қабылдау жүргізіп, аурудың алдын алуға тырысады. Егер емдей алмайтын болса, басқа маманға жібереді. Ол үшін емделушіге арнайы кепілдігі бар жолдама береді. Ол құжатқа сай өзге дәргерге қаралудың ақысын, сақтандыру компаниясы өтейді.

Елдегі сақтандыру компанияларының өз дәріханалары бар. Онда дәрі-дәрмек нарықтағы бағадан 70 процентке арзан. Бірақ бұл баға денсаулық сақтау министрлігі бекіткен арнайы препараттарға ғана қатысты. Ал мәселелерге келетін болсақ, жыл сайын сақтандыру компаниялары мемлекет тарапынан қаржыландырудың аз болып жатқанын айтады. Ал биліктегілердің айтуынша, бұған себеп өмір сүру деңгейінің ұзаруы мен егде жастағы науқастардың көбеюі болған.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы