382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ким Чен Ынның ағасы Барлау агенттігінің тыңшысы болған – БАҚ

  • 104
  • UPD: 22:34, 11.06.2019

2017 жылы Малайзиядағы әуежайда өлтірілген Корей Халық Демократиялық Республикасының Көшбасшысы Ким Чен Ынның өгей ағасы Орталық Барлау Агенттігінің тыңшысы болған.

Тіпті бірнеше мәрте басқарманың қызметкерлерімен кездескен. Бұл туралы Wall Street Journal басылымы хабарлады. Олардың пікірінше, Малайзияға бағыт алған өзінің соңғы күнінде ол америкалық барлаушылармен кездесуді жоспарлаған. Ким Чен Намның өліміне қатысты іс бойынша күдікті ретінде Индонезияның азаматшасы тергеліп, бостандыққа жіберілді. Ал екінші күдікті Вьетнам азаматшасы 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылған.

Хабар 24 телеарнасы