384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каракаста дәрігерлер жаппай ереуілге шықты

  • 252
Каракаста дәрігерлер жаппай ереуілге шықты

Венесуэла астанасы Каракаста дәрігерлер жаппай ереуілге шықты.

Наразы топ биліктен дәрі дәрмек алу үшін денсаулық саласына қаржы бөлуді талап етті.  Медицина қызметкерлері қазір науқасқа алғашқы көмек көрсету мүмкін емес деп ашынады. Себебі қажетті дәрілердің барлығы таусылған. Айта кетейік, қаржы дағдарысының қыспағында қалған Венесуэлада азық-түлік пен дәрі-дәрмек тапшы. Салдарынан қарапайым халық зардап шегіп отыр. Қазір елде инфляция деңгейі 815 пайызға дейін жетіп отыр. 

Пабло Замбрано, ереуілші:

-  Үкімет әскерилердің киіміне қазынадан  арнайы 56 млн доллар бөлмек. Ал біз жергілікті ауруханаларға бар-жоғы 2 млн доллар жұмсауды талап еттік. Өйткені дәрігерлер алғашқы көмек те көрсетуге қауқарсыз. Себебі дәрі-дәрмек жоқ.

Хабар 24 телеарнасы