382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі 180 ел пластик санын азайту туралы келісті

  • 316
  • UPD: 23:39, 11.06.2019
Әлемдегі 180 ел пластик санын азайту туралы келісті

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо 2021 жылы теңіздегі қалдықтарды азайту мақсатында зиянды бір реттік пластиктерден мүлдем бас тартатынын хабарлады.

Бүгінгі таңда Канадада пластик қалдықтардың 10%-ы қайта өңделеді. Пластикпен ластану жаһандық проблема саналатындықтан Канада да пластикке қарсы күресті қолға алған екен. Таяуда БҰҰ 180 мемлекеттің теңізге түсетін пластик санын азайту туралы келісімге қол жеткізгенін хабарлады. Мұндай пластиктер теңізге түскен соң балық, теңіз тасбақалары мен басқа да жәндіктерге зиянын тигізетіндіктен проблемамен күресу маңызды болып отыр.

Канаданың да бұл келісімге қосылу себебі мұнда жылына 3 миллион тонна қалдық тасталады.

2018 жылы қазан айында Еуропалық Одақ теңіздің ластануын тоқтату үшін бір реттік пластик өнімдерін пайдалануға түбегейлі тыйым салу туралы ұсынысқа дауыс берген еді. Келісім 2021 жылы күшіне енбек.

BBC

Хабар 24 телеарнасы