384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Малиде белгісіз біреулер 95 адамды өлтірді

  • 104
  • UPD: 07:37, 12.06.2019
Малиде белгісіз біреулер 95 адамды өлтірді

Малиде белгісіз біреулер елді мекенді шабуылдап, 100-ге жуық бейбіт тұрғынды жер жастандырды.

Оқиға догон халқы өмір сүретін елдің орталық аумағында болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаруланған адамдар халыққа оқ жаудырыпты. Содан соң үйлерді өртеп жіберген. Куәгерлердің болжамына сәйкес, шабуылды басқа бір аз ұлт өкілдері ұйымдастырған.

Айта кетейік, Малидегі ахуал әлі де тұрақсыз. Елде этникалық қақтығыстардан бөлек, соңғы уақытта түрлі лаңкестік топтардың шабуылы да жиілей түскен.

Хабар 24 телеарнасы