383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрияда жарыс кезінде көлік бір топ адамды қағып кетті

  • 104
  • UPD: 07:42, 12.06.2019
Венгрияда жарыс кезінде көлік бір топ адамды қағып кетті

Салдарынан 11 адам жарақаттанды.

Екі азамат ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көрермендерді басып өткен. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Айта кетейік, Мажарстанда мұндай ралли 10 жылдан аса уақыт бойы ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын оған жүздеген қатысушы мен көрермен жиналады.

Хабар 24 телеарнасы