382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран уран байыту көлемін ұлғайтты

  • 108
Иран уран байыту көлемін ұлғайтты

Иран уәдесінде тұрып, уран байыту көлемін ұлғайтты.

Бұл туралы Венада атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік басшысы Юкия Аманов мәлімдеді. Алайда өндіріс көлемінің қаншалықты артқанын МАГАТЭ басшысы айтуға қиналды. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеп, Иранға қайта санкция салатынын жариялады. Оған сәйкес, Тегеран өзінің ядролық бағдарламасын тоқтатқан жағдайда, халықаралық қауымдастық бұл мемлекетке салған санкцияларды алып тастауы тиіс еді. Бірақ мамырда Вашингтон қайта шектеу енгізген болатын. Қарсы жауап ретінде Иран уран байыту көлемін ұлғайтатынын ескерткен еді.

Хабар 24 телеарнасы