383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда су тасып, 16 адам қайтыс болды

  • 88
Қытайда су тасып, 16 адам қайтыс болды

Қытайдың оңтүстік-шығысында толассыз жауған жауынның соңы су тасқынына ұласып, 16 адам көз жұмды.

Тағы 12-сі іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Гуанси, Гуандун өңірлеріндегі ауыл-аймақтар мен жолдар су астында қалған. Көпірлер қираған. Құтқарушылар мыңдаған адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялап жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы