383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда шегіртке 2 мың гектар жерге зақым келтірген

  • 91
Италияда шегіртке 2 мың гектар жерге зақым келтірген

Италияның Сардиния аралында шегіртке қаптап, егіс алқаптарын отап жатыр.

Бұл соңғы 70 жылдағы ең ірі шегіртке шабуылы болып отыр. Мамандардың айтуынша, аптап ыстық олардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызған. Өріп жүрген зиянкестер қазірдің өзінде 2000 гектар жерге зақым келтірген. Енді зиянкестердің кесірінен шаруалар шығынға батқалы отыр. Олардың сөзінше, небәрі бір ай ішінде шегіртке қаптап, жаңа көктеп келе жатқан егісті отап тастаған. Бұған қоса Италияның фермерлер қауымдастығы да жәндіктердің мал азығына қауіп төндіріп тұрғанын жеткізді. 

Хабар 24 телеарнасы