387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда аптап ыстықтан 4 адам мерт болды

  • 411
Үндістанда аптап ыстықтан 4 адам мерт болды ТСН

Үндістанның солтүстігінде пойызда отырған 4 жолаушы аптап ыстықтан мерт болды.

Мамандардың айтуынша, олардың үшеуі көлікте, ал біреуі ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Белгілі болғандай, жолға шыққандардың көбі Агра қаласынан Тадж-Махалға шыққан діндарлар.

Айта кетейік, қазір елде ауа температурасы 45 градусқа дейін көтерілді. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Осыған орай жергілікті билік тұрғындарға алыс сапарға шықпауға кеңес береді.

Хабар 24 телеарнасы