389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран санкция сергелдеңінен құтылудың амалын тапты

  • 347
  • UPD: 13:51, 13.06.2019

Тегеран АҚШ-тың мұнай экспортына салған санкцияны айналып өтудің жолын тапқаны туралы мәлімдеді.

Жергілікті сарапшылардың айтуынша Құрама Штаттардың шектеу шарасына қарамастан қара алтынды өндіруді жалғастырып, мемлекет қазынасын толтыра бермек. Бірақ Иранның қандай амал тапқаны жарияланбай отыр.

Тегеран әлемге жар салып отыр. Алдағы уақытта Вашингтонның ұйымдастырған экономикалық қысымның күллі көке ұшатынын. Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттегі жағдай біршама тұрақталған. Жақында бұл елдің басшысы өз министрлерінің Ормуз бұғазын жабу туралы шешімін қолдады. Тегеран «егер Иран болмаса, аймақтағы ешбір мемлкет қара алтынды экспорттауға тиіс емес» деген ұстанымда. Мұндай жағдайда Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Ирак елдері өздері қиындыққа ұшырамақ.

Бахрам Хонлар, «Иран Тудей» телеарнасының директоры:

- Тарихи тұрғыдан алсақ Ормуз бұғазы Иранға тиесілі. Сондықтан бұл өткел арқылы қатынайтын танкерлер Тегераннан рұқсат сұрауы тиіс. Сол себепті АҚШ немесе оның одақтастары Иранды айналып өтіп сауда жасаймын дегенінен түкте шыға қоймас. Көп елдер Иран мұнайына мұқтаж және санкцияға қарамастан бізден сатып алып жатыр. Біз оған өз бағамызды қоя аламыз.

Бірақ санкциядан Қытай жақында Ираннан мұнайды экспорттауды тоқтататынын мәлімдеді. Оған дейін Үндістан да бұл мемлекеттен қара алтынды сатып алуын доғарды. Алайда Нью-Дели Иран мұнайын бас тартып, ең алдымен өзіне нұқсан келтірген. Себебі, Үндістанға қара алтынды экспорттаушы өзге елдерді іздестіруге тура келген.

Мариам Шокрани, саяси шолушы:

- Иран 40 жылдан бері салынған санкцияға қарамастан өз мұнайын шағын мемлкеттер мен өзге де кәсіпорындарға сатып келеді. Бұл үрдіс қазір де жалғасуда. Бірақ Америка бұл мұнайдың кімге және қалай сатылып жатқанын түсіне алар емес. Себебі, мұнай тасымалданатын жолдар тек Иран жерімен жүреді. Оған Америка қол сұға алмайды. Кей елдер АҚШ-тың жетегінде жүрумен тек өздеріне ғана қиянат жасап отыр. Иран мұнайлы мемлекет болып қала бермек. Сондықтан бізбен ынтымақтастық орнатудан бас тартқандар ғана зардап шегеді. Себебі олар осылайша миллиондаған долларды жоғалтып отыр.

Иран қазір бұл мәселеде Еуропадан табандылық танытуын сұрап отыр. Тегеранның мәліметінше, Иранды оқшаулаудың еш мәні жоқ және ол Еуропаның мүддесіне қайшы. Алайда Вашингтон жақында Иранның 30-ға жуық  фирмалары мен ұйымдарына тағы санкция салды.

Хабар 24 телеарнасы