384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гонконгте экстрадиция туралы заңға қарсы шеру ушығып тұр

  • 111
  • UPD: 13:37, 13.06.2019
Гонконгте экстрадиция туралы заңға қарсы шеру ушығып тұр The Guardian

Гонконгте үш күн бұрын басталған наразылық шеруі әлі жалғасуда. Енді тағы мыңдаған адам көшеге шықты.

Халық жергілікті биліктің экстрадиция туралы заңға өзгерту енгізу ұсынысына наразы. Себебі жергілікті парламент оны қабылдаса, Гонконгте қылмыс жасағандарды ішкі Қытайға беруге жол ашылмақ. Сөйтіп арнайы әкімшілік аудандағы еркін көзқарастағы адамдарды қудалау күшеюі мүмкін деген қауіп бар. Алайда Гонконг басшылығы аталған заңға өзгерту енгізу райынан бас тартпайтынын айтып отыр. Автономды аймақ басшысы Кэрри Лэмнің мәлімдеуінше, бұл Гонконгтің халықаралық қылмыскерлердің бас сауғалайтын мекеніне айналмасы үшін жасалмақ.

Хабар 24 телеарнасы