388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джамму мен Кашмирде полицияға шабуыл жасалды

  • 197
  • UPD: 13:57, 13.06.2019
Джамму мен Кашмирде полицияға шабуыл жасалды

Үндістанның Джамму мен Кашмир штатында қаруланған белгісіз біреулер полиция патрулін шабуылдады.

Оқиғадан 5 тәртіп сақшысы қайтыс болды. Тағы бір бейбіт тұрғын ауыр жарақат алған. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, лаңкестер алдымен полицияға граната лақтырып, кейін оқ ата бастаған. Әскерилер қарымта жауап беріп, бір лаңкестің көзін құртты. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы