389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжирде бұрынғы премьер-министр жемқорлық бойынша тұтқындалды

  • 213
  • UPD: 14:46, 13.06.2019
Алжирде бұрынғы премьер-министр жемқорлық бойынша тұтқындалды

Алжирде жемқорлық ісі бойынша бұрынғы премьер-министр Ахмед Уяхью тұтқындалды.

Мамыр айында өңірлік сот экс үкімет басшысы мен бұрынғы сауда министрін жоғары мемлекеттік қызметте заң бұзғанын айтып, қылмыстық істі Алжир сотына жолдаған еді. Тергеу амалдарынан соң экс-президент Абделазиз  Бутефликаның оң қолы сот залынан бірден темір торға қамалды. Шенеунікке мемлекеттік қаржатты бейберекет жаратып, кәсіпкерлерге заңсыз рұқсат қағаздарын берген үшін айып тағылып отыр. Одан бөлек Алжирде Бутефлика басқарған уақыттағы бірнеше жоғары шенді шенеуніктерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы