Калифорниядағы ғарыш айлағынан ең қымбат жүк тиелген Falcon 9 зымыран-тасмалдағышы сәтті ұшырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осылайша, SpaceX бірден үш канадалық Жер серіктерін көкке көтерді. Radarsat Constellation жерсерігінің әрқайсысы 1,4 тоннаны құрайды. Миссияның мақсаты – ауа райын бақылауда ұстау болып отыр. Яғни Жер серіктері табиғи апат жағдайларын бақылап, теңіздегі навигацияны қадағалайтын болады.